Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІ НАЗАРЫНА!

ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІ НАЗАРЫНА!

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан құрылған «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «бір терезе» қағидатымен жергілікті кәсіпкерлерге кеңес беретіндігін және көмек көрсететіндігін назарларыңызға жеткіземіз. Орталық 40-тан аса қызмет түрлерін көрсетеді. Орталықтың барлық қызметтері ақысыз түрінде беріледі.
Орталық кәсіпкерлерге келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- инженерлік коммуникацияларға қосылуға кеңес беру және көмек көрсету (электр, газ, сумен жабдықтау, жылыту);
- архитектура және құрылыс салалары бойынша кеңес беру және көмек көрсету;
- жер мәселелері бойынша кеңес беру және көмек көрсету;
- мемлекеттік кірістерге байланысты қызметтер бойынша кеңес беру және көмек көрсету;
- кәсіпкерлердің жобаларын екінші деңгейдегі банктерге дейін және одан кейін сүйемелдеу жөнінде көмек көрсету;
- үкіметтік, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар бойынша кеңестер беру;
- эскиздік жоба жасау.

Жұмыс кестесі: Дүйсенбі - жұма, 9.00 - 19.00.
Түскі үзіліс : 13.00- 15.00
Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28, «Кәсіпкерлер үйі»
Телефон: 8 (7242) 70-40-16, 70-40-14
Email: info@kkko.kz


11 мамыр 2018 ж. 20 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области