Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Kyzylorda-news.kz. Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың ақпан айының 14-15 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасының басшылары халықты жеке қабылдайды.
Акция барысында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі.
Аталмыш шара сағат 09:00-ден сағат 19:00-ге дейін жалғасады. Екі күнде Cаll центр телефон желісі 8-7242-30-45-51 жұмыс жасайтын болады.

Қызылорда қаласы:
1.«Самара 1» стационарлы полиция пункті, мекен-жайы: Әуелбеков – Толыбеков көшелерінің қиылысы.
2.«Самара 2» стационарлы полиция пункті, мекен-жайы: Орталық алаң Желтоқсан көшесі.

Арал ауданы:
1.Арал АПб-нің фронт–офисі, мекен-жайы: Бақтыбай батыр көшесі №29 үй.

Қазалы ауданы:
1.Қазалы АПб-нің фронт-офисі, мекен-жайы: Әйтеке би – Пірімов көшелерінің қиылысы.

Қармақшы ауданы:
1.Қармақшы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы, мекен-жайы: Абай көшесі, №100 А үйі.

Жалағаш ауданы:
1.Жалағаш аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы, мекен-жайы: Қазыбек би көшесі, №44 үй.

Сырдария ауданы:
1.Сырдария АПб-нің фронт-офисі, мекен-жайы: Тереңөзек кенті, Аманкелді көшесі, №47 үй.

Шиелі ауданы:
1.№1 УПП, мекен-жайы: Жахаев көшесі №25/13 үй.

Жаңақорған ауданы:
1.«Нұр Асыл» сауда үйі, мекен-жайы: А.Иманов көшесі, нөмірсіз үй.

Байқоңыр қаласы
1.Стационарлы полиция пункті, мекен-жайы: Ақай кенті, Абай көшесі нөмірсіз үй.
2.Стационарлы полиция пункті, мекен-жайы: Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесі нөмірсіз үй.
12 ақпан 2020 ж. 44 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области