Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қызылордада республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 9 қарашада «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.
Байқау ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.
Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.
Байқауда Жастар жылы және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармалар орындалады. Сайысқа республиканың 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір үміткер қатысып, бақ сынайды. Сонымен қатар өнер додасына өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысады.
Байқау Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде, 2019 жылдың 9 қараша күні, сағат 14:00-де өтеді.
04 қараша 2019 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области