Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкерлер палатасы етті ірі қара мал бағытында өткізілетін семинарға шақырады

Кәсіпкерлер палатасы етті ірі қара мал бағытында өткізілетін семинарға шақырады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Атамекен» ҰКП, «Біліктілік орталығы» ЖШС және Қалмақ асыл тұқымды ірі қара малдарының Республикалық палатасы ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен жеке тұлғаларға арнап етті ірі қара мал бағытында семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Семинар 2019 жылғы 11 қазан күні сағат 09.00-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылындағы «Заман Ата» шаруа қожалығының базасында ұйымдастырылмақ.
«Етті бағыттағы ірі қара малдарын азықтандыру, өсіру және көбейтудің тиімді технологиялары» тақырыбында өтетін семинардың спикерлері:
- Нұридин Әлібаев, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы;
- Еркін Сайдулдин, Қазақ Ұлттық аграрлық универститетінің ДНК технологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері;
- Бақтияр Өтелбаев, Қалмақ асыл тұқымды ірі қара малдары Республикалық палатасының директоры;
- Думан Нағашыбекұлы, Қалмақ асыл тұқымды ірі қара малдары Республикалық палатасының сарапшысы.
Семинарға тіркелу үшін 8 /7242/ 400 981, 8 701 560 11 27, 8 775 313 93 41 байланыс телефонына хабарласуға болады.
09 қазан 2019 ж. 33 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области