Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада электр қауіпсіздігіне байланысты ескерту жарияланды

Қызылордада электр қауіпсіздігіне байланысты ескерту жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Экономикасы өрлеп, әлеуметтік ахуалы дамып келе жатқан облыстың электр қуатын тұтыну мөлшері де өсуде. Тіршілік қажеттілігінің ең манызды түріне айналған осы электр қуатын пайдалану оңай болғанымен, ол аса сақтықты талап етеді.

Қызылорда облысында адам өміріне қауіпті айнымалы тоқтын 40 Вольттан – 220 кВ (220.000 вольт) аралығындағы барлық стандартты кернеуде жұмыс істейтін электр жабдықтары, әуе желілері, жерасты кабельдері орналасқан.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларына» сәйкес әуе электр желілерінің шеткі сымдарының ұзына бойы екі жағынан бірдей қашықтықта күзет аймақтары белгіленген:
-1000 вольтка (1кВ) дейінгі электр желілері - 2 метр
-20 кВдейінгі электр желілері - 10 метр
-35 кВдейінгі электр желілері - 15 метр
-110 кВ дейінгі электр желілері -20 метр
-220 кВ дейінгі электржелілері –25 метр
-жер асты кабельдерінің ұзын бойына екі жағынан бірдей қашықтықта 1метрден.
Осы электр желілерімен трансформаторлық қосалқы станциялардың бірқалыпты жұмыс істеуіне және адам өміріне қауіпті қатерлі жағдайларды болдырмау үшін төмендегі әрекеттерге тиым салынады:
Электр желісінің тіреулеріне шығуға, яғни басқа заттарды сүйеп қоюға, оқшаулағыштарды ұрып сындыруға, әуе электр желілерінен сымдарына әртүрлі заттарды лақтырып іліп қоюға, әуе электр желісі мен жер асты кабельдері күзет аймағындағы жерлерді қазу ға, жол салуға тағы басқа құрылыс жұмыстарын жүргізуге, от жағуға, ағаш отырғызуға, лас-қоқыс төгілуге;
Сондай-ақ қосалқы станциялардың құлпын бұзып, есігін ашуға, ішке кіруге, электр жабдықтарды қолмен ұстауға;.
Балаларға үнемі электр тоғының қауіптілігі туралы түсіндіре отырып, олардың электр бағаналары астында, кабель трассалары бойында, трансформаторлық қосалқы станцияларды жанында ойнауға, үзілген электр сымына жақындауға тиым салынуы керек.
Электр желісі тартылмаған тіреулерді, оқшаулағыштарды, трансформаторлық қосалқы станцияларды, кабельдік және әуе электр желісін және бағы басқада электрқондырғыларын зақымдаған адамдар ҚР заң жолымен тиісті органдармен жазаланады.
Егер үзілген электр сымдарын көрсеңіз оған 8-10 метр қашықтыққа дейін жақындауға болмайтындығын есте қатан сақтау қажет. Үзілген электр сымын электр торабы мекемесінің диспетчерлеріне, мына телефондар арқылы хабарласып:
902280, 235643, 230400 авариялық бригада келгенше басқа адамдардың жақындамауын қадағалау керек.
19 тамыз 2019 ж. 51 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области