Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Kyzylorda-news.kz. Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың маусым айының 14 –15 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.

Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды.
Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:
1. Қызылорда қаласы – Д.Қонаев пен А.Тоқмағанбетов көшелерінің қиылысы, А.Тоқмағанбетов атындағы драма театрының алдында, Ғ.Мұратбаев -Яссауи көшелерінің қилысы («Шұғыла» м.а, Құлагер аялдамасы), Н.Назарбаев даңғылы бойында орналасқан Облыстық медицина орталығының алды;
2. Арал қаласы – «Қанағат базары» Қызылорда көшесі
3. Қазалы ауданы – «Орталық алаң» Қ.Пірімов көшесі
4. Қармақшы ауданы - «Темір жол вокзалы» Железнодорожная көшесі;
5. Жалағаш ауданы – «Аманкелді көшесі, Байтерек базары жанында»;
6.Сырдария ауданы – «Арзан базар» Аманкелді көшесі
7.Шиелі ауданы – Орталық стадион, Жахаев көшесі
                       «Жадыра сауда үйі» Сейфуллин көшесі
8. Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Аманкелді көшесі.
9. Байқоңыр қаласы – Ақай мен Төретам кенттерінің орталық алаңдары.
Аталмыш шара сағат 08:00-ден сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
14–15 маусым аралығында 30-33-20, 30-50-30, 30-41-32 телефондар бойынша «жедел желі» жұмыс жасайтын болады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің
баспасөз қызметі
12 маусым 2019 ж. 162 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области