Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Журналист Сағитжан Бермағанбетов атындағы сыйлық туралы

Журналист Сағитжан Бермағанбетов атындағы сыйлық туралы



ЕРЕЖЕ

Жалпы ереже

1.Журналист Сағитжан Бермағанбетов атындағы сыйлықты иеленушілерге арналған «Ең үздік жас журналист» байқауы облыстық деңгейде ұйымдастырылады

2.Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы

Байқаудың мақсаты
3.Жас журналистердің шығармашылығының дамуына қолдау көрсету
4.Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту

Байқау төмендегі тақырыптар бойынша қабылданады
1)Ұлы даланың жеті қыры
2)Облыста кәсіпкерліктің дамуы
3)Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар
5.Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы бекітеді.

6.Байқау 2019 жылғы 20 мамыр мен 15 маусым аралығында жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды қамтиды.

7.Байқауға жасы 30-ға дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады.

8.Байқау материалдарды жарияланған күйінде (газет-журналдар беттерінде, бейне және аудиотаспалар түрінде ) тиісті баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша қабылданады.

9.Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, журналистік шығармашылық әдістерінің ерекшелігі, тың ақпаратты сараптау мен зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.

10. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне (Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 1, Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратының № 313-бөлмесі, байланыс телефондары:8 (7242) 60-53-21, мынадай құжаттарды қоса жібереді

1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш:
-автор туралы мағұлматтар /туған жері, күні, айы, жылы;
-жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.
2) байқау материалы жарияланған газет, журналдың көшірмелері (сканер арқылы), теле-радио бағдарламалардың DVD, CD форматындағы дискілерге жазылған нұсқасы (қағазға түсірілген нұсқасымен бірге)

11. Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.

12. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі

13. Байқау үш кезеңнен тұрады.

1) 2019 жылғы 15 маусымнан 20 маусымға дейін – байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау.
2) 2019 жылғы 21 маусымнан 23 маусымға дейін-материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) 2019 жылғы маусым айының соңғы аптасы-байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

14. Байқау жеңімпаздары Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан дипломмен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.
15 мамыр 2019 ж. 121 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области