Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ


Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді сүйікті қаламыздың 200 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл Елордамыз Астананың 20 жылдық және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларын қатар атап өтудеміз. Бұл Қазақстанның алғашқы және қазіргі астаналары арасындағы ерекше рухани байланысты аңғартады.
Екі ғасыр ішінде Қызылорда қаласы тарихы бай, көрікті әрі заманауи қала болып қалыптасып, ұлттық рухани құндылықтардың ұйытқысына айналды.
Қызылорда қаласы Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ сынды ежелгі астаналардың және Ақ Орда мен Алтын Орда сияқты хан ордаларының аумағы, Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның астанасы, сондай-ақ, ағарту, саяси және өнеркәсіптік даму орталығы болды. Ұлтымызға «қазақ» атауын қайтару туралы шешім де дәл осы киелі мекенде қабылданды.
Астана қаласына қарап бой түзеген Қызылорда Сырдарияның сол жағалауына қарай кеңейіп, өзінің қос ғасырлық мерейтойына ерекше сый жасап отыр. Келешекте де сәулеті мен дәулеті келіскен қаламыз орасан жетістіктерімен ел дамуына зор үлес қоса бермек.

Қымбатты жерлестер!
Сүйікті қаламыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан баршаңыздың еңбектеріңізге ризашылық білдіре отырып, Сіздерге толағай табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін! Халқымыздың қажырлы еңбегі мен еліміздің мызғымас бірлігі тәуелсіз Қазақстанның қарыштап дамуының негізіне айналсын!
Гүлдене бер, өсе бер, сүйікті Қызылорда!
Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
облыс әкімі Қырымбек КӨШЕРБАЕВ.

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАЛАР

27 қыркүйек
Сағат: 10:00.

«Жүрек жылуы» қайырымдылық
акциясы.
«Ақмешіт-Сырдария» мешіті.

Сағат: 11:00.
Облыстық еңбек форумы
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі.

28 қыркүйек
Сағат: 10:00.

«Этноауыл», «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» фестивальдары
Сыр сүлейлері» аллеясы.

Сағат: 18:00.
Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған салтанатты шара
Н.Бекежанов атындағы драма театр.

Сағат: 18:00.
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған эстрада жұлдыздарының гала-концерті
Орталық алаң.

29 қыркүйек
Сағат: 9:00

Ауыл шаруашылық өнімдерінің облыстық жәрмеңкесі
Қала орталығы.

Сағат: 10:00
«Сыр тұлпары» ат бәйгесі
Қызылорда қаласының ипподромы.

Сағат: 17:00
Түйе палуандар сайысы
«Евразия» спорт кешені.
27 қыркүйек 2018 ж. 190 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области