Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Судағы қауіпсіздік

Судағы қауіпсіздік

Kyzylorda-news.kz. Күн, ауа және суды дұрыс пайдаланған жағдайда адам ағзасын шынықтырудың және денсаулықты нығайтудың көзі болып табылады. Алайда су айдындарында әрекет ету ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.

Адамдардың қаза болуының негізгі себептері: азаматтардың абайсыздығы, жабдықталмаған орындарда шомылуы, балаларды қараусыз қалдыру.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері және Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірлесіп шомылуға рұқсат етілмеген орындарда демалушы тұрғындар арасында судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша жадынамалар табыстай отырып, рейдтік шаралар жүргізуде. Өткізіліп жатқан рейдтердің мақсаты бұзушылықтарды анықтау ғана емес, суда қауіпсіздікті сақтауға демалушылардың назарын аударту.
Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін балалар мен ересектер судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет:
- ең бірінші және ең басты ереже – мектепке дейінгі және мектеп жасынан кіші балалар суда ересектердің бақылауымен ғана шомылулары керек;
- қоршау белгісінен тыс жүзбеу;
- тыйым салынған орындарда шомылмау;
- қайық, катер, айлақ және бұл мақсатқа бейімделмеген басқа да жерлерден секірмеу;
- кемелерге (моторлы), қайықтарға жақын жүзбеу;
- жүгіріп, ойнап терлегеннен кейін салқын суға бірден кірмеу қажет;
- мас күйінде суға түсуге және шомылуға тыйым салынады;
- үрленетін матрацта, автомобиль камераларында, үрленетін ойыншықтармен жүзбеңіздер;
- дауылды ауа-райы немесе қатты толқынды жерлерде шомылуға болмайды;
- қараңғы уақытта суға түсуге болмайды.
Суда әрекет ету ережелерінің бұзылуына жол бермеңіздер! Өзіңіздің және балаңыздың өміріне қауіп-қатер төңдірмеңіз!

Қызылорда облысының ТЖД
10 маусым 2019 ж. 41 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области