Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласындағы «Үздік ауланы» білесіз бе? (ФОТО)

Қызылорда қаласындағы «Үздік ауланы» білесіз бе? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы жарияланған конкурста «Үздік» ауланы анықтады.
Жыл санап Қызылорда қаласының көркейіп, сәулеті артып келе жатқандығы белгілі. Оған қала тұрғындары мен қонақтары куә. Соңғы жылдары көгалдандыру жұмыстары тиянақты жүргізіліп келе жатқандығы да көп айтылып жүр. Халықтың өз ауласын таза ұстап, шаһардың көркеюіне үлес қосып келе жатқандығы кім-кімді де болмасын қуантады.
Биыл «Қала күні» мерекесі аясында Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде жыл сайын дәстүрге айналған «Үздік аула – 2019» байқауы жарияланған еді. Конкурсты ұйымдастырушылардың айтуынша, жылдан-жылға аталған байқауға қатысушылардың саны артып келеді.
Биыл бұл байқауда көпшіліктің көңілінен шыққан, қала тұрғындарының қолдауына ие болған «Шұғыла» мөлтек ауданы, 7а үйдің тұрғыны Қуаныш Байтақовтың абаттандырған ауласы жеңімпаз деп табылды.
Жеңімпазға сый-сияпат ретінде көркейту-көгалдандыруға қажетті құрал-саймандар жинағы және қала әкімінің арнайы дипломы табысталып, тұрғын үй ауласына «ҮЗДІК АУЛА-2019» тақтайшасы ілінді.
Өз кезегінде аула бағбаны Қуаныш Байтақов ризашылығын білдіріп, мұнан әрі де өз ісін жалғастыратынын жеткізді. Сондай-ақ тұрғындарды қаланың көркеюіне атсалысуға шақырды.







24 қазан 2019 ж. 69 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области