Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтар «Алтын дән» мерекесін қалай тойлады? (ФОТО)

Қызылордалықтар «Алтын дән» мерекесін қалай тойлады? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Жылдағы дәстүр бойынша «Алтын дән» мерекесі аясында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан арнайы келген шаруашылықтар өз өнімдерін тұрғындарға арзан бағамен ұсынды. Өңір басшысы Қуанышбек Ысқақов жәрмеңкені аралап көріп, тұрғындармен сұхбаттасты.Қызылорда облысының шаруалары жәрмеңкеге 1 700 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін – көкөніс, бақша және сүт өнімдері мен балық, ет алып келген. Айта кетейік, барлық өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен сатылды. Сонымен қатар, жәрмеңке алаңдарында өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мұнан соң, «Алтын дән» мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып, өңір басшысы ауылшаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады.
«Үздік аудан» номинациясын биыл Жалағаш ауданы жеңіп алды. Егін шаруашылығы саласында жетістікке жетіп, «Озат аудан» номинациясы бойынша Шиелі ауданы, ал мал шаруашылығында Жаңақорған ауданы озат атанды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жеткен жетістіктері үшін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев марапатталды. Мұнан бөлек аймақ басшысы сала еңбеккерлеріне Ауыл шаруашылығы саласының үздігі және Ы. Жақаев атындағы төсбелгілерін тапсырды.
«Алтын дән-2019» шарасында «Мағжан и К» ЖШС өзінің үздік қызметкерлеріне 7 автокөліктің кілтін, сонымен қатар, «Достық-жер» ЖШС 6 автокөліктің кілтін табыстады. Ал, «Жан-Арай жем» ЖШС үздік деп тапқан қызметкерлеріне 1 млн теңге және 500 мың теңгенің екі сертификатын тапсырды.
Сыр диқандары егін жинау жұмыстарын аяқтап, 87,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 530,5 мың тонна күріш құйды. Еліміз тәуелсіздік алғалы күрішшілер жеті жыл қатарынан осындай жоғары жетістікке қол жеткізіп келеді. 2019 жылы егілген егіс көлеміне толығымен жоғары репродукциялы тұқым пайдаланылған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық құрылымдары өз қаржысы есебінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 6,4 млрд теңгеге барлығы 229 дана түрлі ауыл шаруашылығы техникасы сатып алған.
Қызылорда қаласының 201 жылдығы мен «Алтын дән» мерекесі қатар тойланып, салтанатты шара «Бәйгемен» жалғасты.









14 қазан 2019 ж. 330 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области