Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мұнайшылардың кəсіби мерекесі аталып өтті (ФОТО)

Қызылордада мұнайшылардың кəсіби мерекесі аталып өтті (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Облыс əкімі Қуанышбек Ысқақов мұнай-газ саласының қызметкерлерін кəсіби мерекесімен жəне қазақстандық мұнай өнеркəсібінің 120 жылдығымен құттықтады.

Аймақ басшысы «Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы - Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркəсіптік аймаққа айналуының негізін қалады»,- деп атап өтті.
"Өңірімізде толықтай мұнай-газ кластері қалыптасты. Содан бергі уақытта Сыр мұнайы экономикамыздың дамуына зор үлесін тигізді. Өңір экономикасының негізгі локомотиві болды. Өкінішке қарай, соңғы 6 жылда облыста мұнай өндіру көлемі 4,3 млн.тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы тағы 1,1 млн.тоннаға қысқарады деп отырмыз", - деді Қ.Ысқақов.
Сарапшылардың айтуынша, өңірдің мұнай-газ саласының ресурстық əлеуетін одан əрі арттыруға перспективалы шөгінді бассейндер мен Арал теңізінің акваториясын кең ауқымды зерделеу ықпал ететін болады.
"Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қызылорда облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда Шу-Сарысу, Оңтүстік - Торғай, Сырдария шөгінді бассейндерін геологиялық зерттеу де қамтылған, онда көмірсутек қорларын анықтау қарастырылған", - дей келе аймақ басшысы облыстың ірі компанияларын мемлекеттік-жекеменшік əріптестік шеңберінде жаңа кен орындарын барлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Сондай-ақ, мұнай саласының құрметті ардагері, Қазақстанның «Еңбек ері» Ұзақбай Қарабалин сала қызметкерлерін құттықтады.
Өңіріміздің мұнай-газ саласының үздік қызметкерлеріне марапаттар табысталып, іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.







29 тамыз 2019 ж. 55 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области