Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыдағы Жанкент қалашығы қайта жаңғырады

Қазалыдағы Жанкент қалашығы қайта жаңғырады

Kyzylorda-news.kz. Ортағасырлық Жанкент қалашығы республикалық маңызы бар ескерткіш. Ол Қазалы ауданы Өркендеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 500 метр жерде орналасқан.
Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен биыл Жанкент қалашығындағы қазба жұмыстары жүргізілді. Далалық экспедиция жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары жүргізуде. Экспедиция жетекшісі Әзілхан Тәжекеев.
Биылғы қазба маусымында қалашықтың Шахристан бөлігінде орналасқан тұрғын-үй кешеніне, ескерткіш цитаделінің солтүстік қабырғасынан ашылған мұнаралар мен оған жалғасып жатқан қабырғаларға, қалашықтың шығыс қабырғасының ортаңғы бөлігіне қазба салынып, толық ашылды. Сонымен қатар, тұрғын-үй кешенін сақтап (консервациялау), оның үсті метал жабындымен шатырланды.
Қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен қалашықты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.






24 шілде 2019 ж. 65 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области