Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өркениет көші жаңа белестерге жетелейді

Өркениет көші жаңа белестерге жетелейді


Жылқы – қазақтың жаны. Сонау ерте заманнан бүгінгі күнге дейін көкпар, бәйге десе, қаны қызбайтын, көзі жанбайтын қазақ жоқ. «Алпамыс батыр» жырындағы ерлік пен рухтың символына айналған тұлпарлар туралы бүгінгі күнге дейін бірталай зерттеулер жасалды. Ол еңбектердің барлығы ат баптаушылардың қажетіне жарап жатыр.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында атқа міну мәдениеті туралы терең танымдық ой қозғайды. Дала өркениетінің дәстүрінде ат баптау ежелден қалыптасқан.
Біздің аймақта да ат баптаумен айналысатын азаматтар жыл сайын артып келеді. Талай бәйгелердің алдын бермеген «Ызғарды» қазір Қазақстанның барлық аймағы таниды десем қателеспеймін. Тіпті кейбір ауылдарда бәйге беру, көкпар шабу әлі күнге жалғасын тауып келеді.
Осының өзі біздің ата дәстүріміздің айғағы дер едім. 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы ретінде жарық көрген «Ұлы Даланың жеті қыры» тарихи сана мен мәдениетімізді дамытуға жол ашады. Сондай-ақ, нақты міндеттерді саралап беруімен мәнді.
Өркениет көшінде тарихи оқиғалардан тағылым алу, өткенге ой көзбен қарау тәжірибесі бізге зор мүмкіндіктер береді. Осы уақытқа дейін ежелгі түркі жазба мәдениеті туралы айтылғанымен, көпшілік санасында ғылыми жаңалық ретінде ғана қалыптасты. Елбасы мақаласынан кейін мұндай тарихи жәдігерлерге мақтаныш сезіммен қарап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінеді деген ойдамын. Қарт Қаратау бөктеріндегі Сауысқандық петроглифтері де біздің ежелгі мәдени жазбаларымыздың қатарына енеді деп үміттенем. Сондықтан да өркениет көші жаңа белестерге жетелейді.
Елбасы мақаласында «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» деп арнайы атап өтеді. Біздің ауданның өзінде алма бақтары да жыл санап көбейіп келеді. Қазірдің өзінде Сыр өңірінің брендіне айналған күріштен, сондай-ақ жеміс-жидектің бірнеше түрлерінен жоғары өнім алып отырмыз. Ал, қызғалдағымыз басқа гүлдерге ұқсамайтын ерекше. Табиғат өзі сыйға тартқан байлықты бағалап, оны дамыту үшін әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қараса, берекеміз таси түспек.
Мемлекет басшысының мақаласында «Бізде әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар бар» деген болатын. Тарихта есімдері алтын әріптермен жазылатын тұлғаларды дәріптеуде мақтан қуып кетпей, олардың өнегелі өмір жолы, ғибратты істерін жастар санасына сіңіре білу – басты міндет.

Мұрат ӘШІРБЕКОВ,
Шиелі аудандық ауылшаруашылығы
бөлімінің басшысы.
29 қараша 2018 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области