Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тарихты тану – өзінді тану

Тарихты тану – өзінді тану

Тарих – ұлттың ұлылығын айшықтайтын ғылым. Оны зерделеп, зерттеген сайын тынысың ашылып, мұратың айқындала түседі. Өзге ұлттарды қайдам, қазақ үшін тарих осындай сый жасапты.
Қазақстан территориясындағы байырғы тұрғындарына физикалық-антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Смағұл Оразақ Ұлы Далада 40 ғасырға татитын ұрпақ сабақтастығы барын жасырмады.
– Қазақ халқы – ежелгі тас, темір дәуірлерінде, антикалық қола дәуірінде, бертіндігі Түркі қағанаты заманында дәл осы атамекенінде өмір сүрген. Яғни, 4000 жылдан бері ұрпақтар сабақтастығы үзілмеген. Оны біз қазақ этносына қатысты оның – бет-бейнесі, қан жүйесі, тіс құрылысы, сезімі, тері бедерлері мен қаңқа сүйектеріне ұзақ жыл жүргізілген кешенді салыстырмалы зерттеудің нәтижесінде анықтадық, – дейді академик.
Оның сөзінше, қазақ халқы Еуразия құрлығында өзімен бірге тұрып жатқан жүздеген этностық топтардың ешқайсысына ұқсамайтын жеке-дара, Құдай айрықша бөлек етіп жаратқан өзіндік морфофизиологиялық анықтамалары мен антропологиялық мәртебесі бар этнос. Тіпті, қазіргі қазақтарда ежелгі тұрғындардың қан құрамында, бет-әлпетінде, алақан тері бедерлері, тіс морфологиясы сияқты пропорцияларында және биологиялық, морфологиялық, физиологиялық гендерінің үштен бірінде сақтаулы. Бұл – қазақтың этномәдени бірлігі осы Ұлы далада қалыптасқанын айшықтайды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ғасырлар бойғы ұрпақтар сабақтастығынан бөлек, адамзаттың рухани-мәдени тұрғыда жетілуіне тигізген әсеріне орынды тоқталды.
“Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет өзгерткені туралы сыр шертеді” – деді Елбасы.
Стратегиялық сипатқа ие бұл мақала көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға шақырады. Яғни, әлемдік өркениетке қосқан үлесіміз бен жаһандық даму үрдісіне тигізген зор септігімізді қайтадан зерделеп, дүниежүзіне жаңаша дәріптеуге үндейді.
Расында, Ұлы Дала Елінің әлемдік өркениетке өзіндік ықпалы болды. Бұл – ақиқат. Тек оны өзіміз жете түсініп, түйсінуіміз керек.
Осы ретте, аудандағы Сығанақ, Өзгент, Сауран, Ордакент және т.б. қалалар мен төбелерді, Қаратау қойнауындағы қасиетті жерлерді жастарға насихаттап, тарихи санасын кемелдендіру міндет.
Біз осы жолда өлкетану саяхаттарына ұйытқы болып, жұмыстарды жүйелей түсетін боламыз.

Әбдіқадыр ОРЫНБАСАРҰЛЫ,
Жаңақорған ауданы №52 Б.Аралбаев
атындағы мектептің директоры.
29 қараша 2018 ж. 234 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области