Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тарих тағылымы – ұрпаққа ұлағат

Тарих тағылымы – ұрпаққа ұлағат


Осы уақытқа дейін көшпелі мәдениеттің өкілі ретінде бағаланып келген халқымыздың рухани мұрасы ретінде тек бай дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз туралы ғана сөз болып, ғылым көкжиегінен алар орнымыз айқындала қоймағаны белгілі. «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» деп атаған ой өзегі арқылы Елбасы қазақ ғылымының тарихтың терең тамырынан бастау алатындығын дәлелдеп отыр. Металл өңдеу технологиясын ежелгі дәуірлерде-ақ игерген халық даналығы металлургия ғылымының негізін қалаушылардың қатарында екендігін көрсетеді.
Түркі дүниесінің атажұрты саналатын қазақ жерінде әлемдік ой-санаға ықпал еткен ұлы ойшылдар, Ұлы даланы көзінің қарашығындай қорғаған батырлар, елдің ауызбірлігі мен түсіністігінің ұйытқысы болған би-шешендер ғұмыр кешті. Олардың ұлт тарихындағы өнегелі өмірі, тағылымды тағдыры – бүгінгі ұрпақ үшін ұлтжандылықтың, елжандылықтың символы. Шапқан аттың тұяғы тозатын, ұшқан құстың қанаты талатын сайын дала төсінде қала мәдениетінің негізін қалаған да біздің халқымыз болатын. Елбасымыз өз мақаласында тарихты жаңа көзқараспен зерделеу үшін осылардың барлығын ғылыми дерек ретінде ұсынып отыр.
Жастар – мемлекетіміздің болашағы, ел ертеңі. Өз ұлты мен еліне деген сүйспеншіліктің бастау бұлағы – ұлттық тарих пен мәдениет. Тарих тағылымындағы өз халқының орнын білу арқылы жастардың бойында ұлтжандылық, елжандылық қасиеттері қалыптасады. Осы тұрғыдан қарағанда Елбасы мақаласының жас ұрпаққа берер тағылымдық, танымдық мәні зор. Ұлттық тарихымыздың терең бастауларын білген әр ұрпақтың бойында «Мен Ұлы Дала өкілімін», «Тарихы терең, рухани байлығы мол ұлттың ұл-қыздарымыз, менің ата-бабаларым әлемдік өркениеттің өркендеуіне шексіз үлес қосқан» деген мақтаныш сезімі, өз ұлтының мәртебелі тарихынан тағылым алуы олардың өз Отанына деген шексіз ықыласын қалыптастыратыны сөзсіз.
Ғылымның қоғам мен заманның сұранысына жауап беріп отыруы оның міндеті. Бұл тек техника, технология саласына ғана емес, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласына да қатысты. Осы ретте Елбасымыз осы сала ғалымдарына жаңа, тың міндеттер қойып отыр. Өзі ұсынған тарихты зерделеудің тың тұжырымдамасын жүзеге асырудың жобаларын да айқындап берді. Сонымен бірге бұл осы сала ғалымдарына тың рухани серпіліс беріп, жаңа жауапкершілік жүктеп отыр.
Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның орталығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары да осы жауапкершілікті сезіне отырып, Елбасы мақаласындағы айқындалған жобаларды жүзеге асыруға жоғары кәсіби шеберлікпен, терең іргелі ғылыми ізденістермен жауап беретін болады.
Университеттің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедралары мен «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы, «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты ғалымдарын тың жобаларды ұсыну және жүзеге асыру міндеттері күтіп тұр. Түркі халықтарына ортақ тұлға – Қорқыт Ата мұралары мен өңіріміздегі көне қалаларды зерттеуде де жаңаша көзқарастардың қажет екендігі белгілі.

Қылышбай БИСЕНОВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
26 қараша 2018 ж. 424 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области