Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тарихтың негізгі қағидасы – ғибрат алу

Тарихтың негізгі қағидасы – ғибрат алу


Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тәуелсіз еліміздің тарихи даму кезеңінің жүрек соғысын дөп басқан тұжырымдар жинағы деп қабылдаймыз. Бұл адамзаттық жаңғырудағы қазақ болмысын түсінуге мүмкіндік беретін мақала. Ұлы дала кеңістігінде 3000 жылдан астам уақыт тезінен өткен «көшпенділер өркениеті» өзінің творчестволық эволюциясын бастан кешіріп келеді.
Осындай уақыт пен кеңістіктің тоғысуы арқылы қалыптасқан қазақ халқының, ұлтының тарихын үзіп-созып, жырымшылап қарауға, қарабайыршылдыққа салуға болмайды. Қазақты қазақ, жеке ел етіп отырған, тал бесігі – дала. Сондықтан өткенімізден ой түймей, бүгінімізді сараламай, келешегімізді бағдарламай, олардың барлығын тұтас бір тарихи процесс ретінде қарамай, толыққанды дами алмасымыз анық.
Тарихтың негізгі қағидасы – одан ғибрат алу. Мақаладағы ұстанымдар әлемдік өркениеттен ойып орын алар, төл құндылықтарымызды шын мәнінде ұлттық деңгейде сезінуімізге ой салды, толғандырды. Әлемде өзінің біріншілік орнын мәңгі ұстап тұра алған ешқандай халық болған жоқ. Бірақ тарихтың қойнауында қалса да адамзат үшін ерекше құндылық саналатын әр халықтың ұлы жетістіктері болады. Ондай мақтаныш сезімімізді тудыратын дәйектеріміз жеткілікті.
Мысалы, белгілі геолог С.Х.Болдың мәліметі бойынша б.э.д V-VI ғасырларда Жезқазған өңірінде миллион тоннадан астам кен өндірілген екен.
«Жібек жолы» тек сауда жолы емес, ол мәдени өркениеттердің тоғысу жолы болды. Бір ғана Сырдың орта, төменгі ағысында 300 қала мен елді-мекендер болған. Олай болса, Ұлы дала бұл шөл, құм басқан, сағымы бұлдыраған дала емес, қала мен даланың синтезі болып саналады.
Мақалада айтылғанның барлығын игере отырып, бүкіл түркі әлемінің ерік-жігеріне күш беретін, мұрамыздағы Ұлы дала рухының жоғары болуына қол жеткіземіз. Бұл өз кезегінде ұлттық намысымызды қамшылап, рухымызды қайрап, қадір-қасиетімізді тасытар құбылыс болмақ. Ендігі кезекте мақаладағы Елбасының идеялары көлемінде өлшеусіз жұмыстар күтіп тұр. Ол жұмыстар «бұлар өздігінше мемлекет болып тұра алмайды»,- деп сәуегейшілдікке салынып жүргендерге қаһармандық жауабымыз болмақ.
Сол жолда барлығымыз бір болғанымыз жөн. Мақаланың да түпкі мақсаты елдің бірлігі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, азаматтығымыздың мәңгі болуын көздейді.
Наурызбай Байқадамов,
Облыстық мәслихат хатшысы
21 қараша 2018 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области