Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төл тарихты танытудың маңызды қадамы

Төл тарихты танытудың маңызды қадамы


"Ұлы даланы мекендеген түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері әлемдік өркениет көшіне қандай өзгеріс әкелді, қандай үлес қосты" деген сауалдар туындайтын болса, біз оның жауабын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан анық табамыз. Біз бүгінде ғарышты игеріп, атом бомбасын шығаруды үлкен жаңалық ретінде қарап жатсақ, өткен ғасырларда бабаларымыздың жылқыны қолға үйретіп, бес қаруын сайлап, айналасындағы өзге де тайпаларға үстемдік құруы әлемдік өркениеттегі өзгеріс, үлкен жаңалық болатын. Бір сөзбен айтқанда, ғарышты игерумен тең құбылыс еді. Мұны жасаған ұлы даладағы ұлы тұлғалар. Бүгінгі Елбасы мақаласын өткенімізді қайта тірілтіп, төл тарихымызды өзімізге қайта таныстырудың бір қадамы ретінде қарастыруға болады. Мақала өткен жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы іспеттес. Аталған екі мақалада да тарихымызға қатысты деректердің барлығы жан-жақты зерттеліп, зерделенген.
«Енді өткенмен ғана мақтанып отырамыз ба, өткенді тірілту үшін не істеуіміз қажет» деген сауалдар туындайтын болса, Елбасы оны да нақты қадамдар арқылы белгілеп берді. Оның бір тарауы ретінде ұлы даладағы тарихи оқиғалар, батыр бабаларымыз, тарихи тұлғалар жайында көркем фильм, телесериалдар, тіпті қажет болса фэнтези жанрындағы фильмдер түсіруді де тапсырып отыр.
Бұл төл тарихымызды болашақ ұрпақтың санасына сіңірудің төте жолы және әлемдік өркениетке өзімізді танытудың бірден-бір көрінісі іспеттес. Қазір байқасақ, әлем халқы түріктің «Жаужүрек Ертұғырыл» атты сериалын көріп жатыр. Фильм Осман империясының негізін қалаушы Осман патшаның әкесі Ертұғырыл туралы. Ал ол – Сырдың бойынан көшкен оғыздардың ұрпағы. Демек, әлем елдері тарихи фильм арқылы түріктің түпкі тарихын танып жатыр деген сөз. Біздің де даламызда осындай текті, тарихи тұлғалар болған. Алтайдан Атырауға дейінгі атырапты батыр бабаларамыз білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап ерліктер жасағаны баршамызға мәлім. Сондықтан тарихи тұлғаларды қайта тірілту, қайта ортамызға алып келу ісінде кино индустриясы үлкен көмек болады деген ойдамыз. Сондай-ақ, Елбасы «Ұлы дала тұлғалары» атты көпшілік-ғылыми танымдық сериялық кітаптар шығаруды да тапсырып отыр.
Тарихымыздағы ұлы тұлғаларды таныту арқылы біз өскелең ұрпақтың бойына ерлік дастанын сіңіре отырып, болашаққа нық қадам басамыз деген сенімдеміз. Алдағы уақытта мақаладағы тапсырмалар негізінде арнайы бағдарлама қабылданады. Мұнда айтылған әрбір тапсырма қатаң қадағаланып, орындалуы керек. Бұл атқарушы билік не белгілі бір адамдар үшін қажетті дүние емес, тұтас қазақ елінің болашығы үшін маңызды қадам болмақ.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары.
21 қараша 2018 ж. 280 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области