Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ӘЗІЛХАН ТӘЖЕКЕЕВ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ӘЗІЛХАН ТӘЖЕКЕЕВ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне Қызылорда облысынан үміткер ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, PhD докторанты Әзілхан Тәжекеев  ұсынылды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнология» факультетін, Ресей ғылым академиясы Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты (Мәскеу) Этнография, этнология және антропология аспирантурасын бітірген. «История освоения Юго-восточного Приаралья с древнейших времен до конца  І тысячелетия до н.э» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
Арал маңы археологиясы ғылыми бағыттарында жұмыс жасайды. Сырдария ежелгі арналарының табиғи-тарихи қалыптасуы (археологиялық деректер бойынша), Сырдарияның төменгі ағысының суландыру жүйесінің тарихи дамуы, археологиялық карталар (кезеңдер бойынша), ерте темір және кейінгі сақ кезеңінің жерлеу құрылыстары мен ғұрыптары, қалалар мен қала мәдениетінің дамуы және урбанизация процесі туралы бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді.
 Ә.Тәжекеев 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Археологиялық және этномәдени зерттеулер» орталығының ғылыми қызметкері, 2011 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, 2012 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы қызметтерін атқарып келеді.
Ғылыми еңбектері шетелдік конференцияларда, шетелдік ғылыми және рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған.

23 қазан 2018 ж. 795 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области