Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗАМАНАНЫ ЖЫРЛАҒАН АҚЫН

ЗАМАНАНЫ ЖЫРЛАҒАН АҚЫН


Халық ақыны Төлеубай Үркімбаев 1898 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының «Төрткүл» ауылында, екінші бір деректе Жалағаш ауданының қазіргі Бұқарбай батыр ауылында туған делінеді. Төкеңнің қармақшылық ақын
Б.Қасқырбаевпен (1945ж.) айтысында:
Қармақшы менің де туған жерім еді,
Өзімді ерке өсірген елім еді.
Қамыстан ат мініп, асыр салған,
«Төрткүлдінің төбешігі дөңім еді», – деуі тегін болмаса керек.
Екіншіден академияға 1946 жылы жазған өмірбаянында Қармақшыда тудым депті. Ал Бұқарбай батыр ауылындағы туыстары арасында 1926-1928 жылдары келген сияқты.
Т.Үркімбаев өзінің 1898 жылы Қармақшыда туғанын айта отырып, ақындық жолға түсуін батамен ешкім көркейте алмас еді. Өзім кісі есігінде жалшы болдым. Жоқшылықты басымнан кешірдім, тартпаған бейнет, азабым аз шығар. Осындай ауыр жұмыста жүрсем де аз-мұз сауатымның арқасында бұрынғы дастан-жырларды оқып, көп жаттадым, өзбек, татар өлеңдерін де жаттап білдім. Көп бейнет, азап ақыры жеңіп қатты аурудан кейін 1924 жылдан бері екі құлағым керең болып қалды. Бірақ үкімет далаға тастаған жоқ. Менің ақындық талантыма кең өріс берді.
Ендігі бір кәсібім газет-журналдарды оқып, өлең шығарып, жаттап айту болды. Қолхоз жұмысына белсене араласып, бай-құлақтарға қарсы өлең-жырларды көп шығардым. Газеттер де сөзімді басып келеді. Ақындық жолға үйреніп, талаптанумен жеттім» деп өзі туралы ашығын жазған екен.

Т.ДАЙРАБАЙ.
12 қазан 2018 ж. 664 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области