Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ


Ұлт тарихында небір қиын-қыстау күндер бастан өтті. Қазақ халқының басына қара бұлт үйірілген кезеңдерде елдің серкесіне айналып, тұтас ұлтың күштілер қолында талан-таражға түсіп кетпеуіне сеп болған атқамінер азаматтар болды уағында. Олар ұлт болашағы үшін шыбын жандарын пида етіп, өмірлерін бәйгеге тікті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының тарих беттеріндегі ақтаңдақтарды жойып, ұлт болмысын нығайтуды мақсат ететінін білеміз. Ұлттық болмысты күшейту үшін тарихымыздағы батырлардың, батылдардың, серкелердің ұрпақ алдында насихатын арттыруымыз керек.
Бүгін біз ұлт тарихында елеулі орыны бар тарихи тұлға, елі үшін жанын пида еткен Әлихан Бөкейханов туралы мағлұмат бермекпіз. Бұл әрекетімізді ұлыларды ұлықтауға қосқан үлесіміз деп білеміз.
Кеңес үкіметінің қыл бұрауы қылтамақтан қысып тұрған кезде елдің ертеңін ойлап, егемендікке қол созған ерлердің бірегейі – Әлихан Бөкейханов. Жеке басқа табынушылық саясатын ұстанып, ұлтты мәңгүрттендіруді жымысқы жоспары ретінде жасырып отырған үкіметтен қайыр жоғын, келешек ұрпақтың ештеңеге парқы жетпейтін парықсыз, пайымсыз, ойсыз болып шығарын сезген алашордашылар осындай қадамға барды.
Тәуелсіздік үшін бастарын талайға тігіп, алып үкіметке қарсы шықты. Осындай бас көтерер білімді азаматтардың барын байқаған басшылық та қарап қалған жоқ. Іле-шала іске кірісіп,елдің іліп алар азаматарын түрлі жалған жаламен, өтірік айыппен тұтқындап, қанша зарласа да үні шықпайтын тар қуыстарға тығып тастады.
Ұлтының болашағын, атар таңын, бостандығын ойлап жанын қоярға жер таппаған заматтың аз уақыт аралығында жасаған қызметі, атқарған тірлігі сан қилы, әр алуан әрі қыруар. Түрлі съездерге депутат, фракция мүшесі болып қатысып, елдің мұңын мұңдасты. Натырақ айтсақ, Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Сонымен қатар, Әлихан Бөкейхан қазақтың санасын ояту –бас көтеру үшін өте маңызды қадам екенін білді. Ресейде, қазақ жерінде шығып тұрған неше түрлі газет-журналдарда редакторлық қызмет атқарған ол бүркеншік аттармен қазақтың рухын оятып, санасын дамыту мақсатында көптеген материалдар жариялады.
Бірақ ұлттық болмысын жоғалтуға дейін жеткен, жетім баладай жалтақ, қорқақ болуға айналған қалың әрі қараңғы бұқараның намысына ши жүгіту көп жерде нәтиже бермеді. Қазақтың басы осы жерде бірікпеді. Мұны Әлихан бастаған сауатты азаматтар тобы өте жақсы түсінді. Содан кейін басқаша қимыл жасамаққа бет бұрды. Жер-жерде ауызша үгіт-насихаттың жүргенін де білеміз.
Үкімет алғашында Алашорда үкіметін құруға мүмкіндік бергенімен, артынан оны күйретуге бұйрық шығарды. Ал арда азаматтарды «ел арасына бүлік салды», «ауызбіршілікті жойды», «ұлтшыл», «бүлікшіл» деген айыптармен түрмеге тоғытып, соңынан алтын бастарын қорқауларға алдырып тынды.
Бұл азаматтардың, әсіресе бас болған Әлиханның еңбегі – қазақ ұлтының нағыз болмысын танытатын тарих парасы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлт қайраткерлерінің насихатталуы – жас буын мен келер ұрпақтың ұлттық болмысына, өр рухына, қазақы намысына ши жүгірту, көкірегіне, көзіне от бітіру.
25 шілде 2018 ж. 538 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области