Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мурат Эйбов: Өз ортамда жүрмін

Мурат Эйбов: Өз ортамда жүрмін

Kyzylorda-news.kz. Бала кезден бірге өскен достармен кездестік. Өткенді еске алып, қазіргі жолымызды әңгімеледік. Біздер бір ауылдың шаңлағын аспанға көтерген, түрімізге емес, жүрегімізге үңілген балалар едік.
Мен, Эйбов Мурат Курбанулы 1988 жылы Қармақшы ауданы ІІІ - Интернационал ауылында дүниеге келдім. №108 мектепті бітірдім. Сыныбымызда бірнеше ұлттың балалары бар еді. Соның ішінде қазақ ағайындарымыз басымдау болды. Мен мұны қазір ойланып отырмын. Ол кезде сенің ақ немесе қара екендігіңе ешкімде бас қатырмайтын. Таңертең кезекке қосу үшін сиыр, қойды айдап шығып, ойын ойнап, түскі сабаққа апыл-ғұпыл зытатын едік.
Арман қуып жан-жаққа кеттік. Алматыдағы С.Асфендияров атындағы медициналық университеттің "емдеу ісі" мамандығы бойынша бітіріп, Қызылордама қайта келдім.
Қазір Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада эндоскопист болып жұмыс жасаймын. Менің жұмысымның өз ерекшелгі бар. Себебі асқазанды көру және тағы да басқа түрлі лазерлік оталарды жасау үшін, арнайы шлангаларды ішке жұту керек болады. Оған екінің бірі келісе кетпейді. Сондықтан сөзге шешен, жылы жүзді, науқастың "қорқынышын басу үшін" кейде күлдіргі болуға да тура келеді. Сүйген мамандығың үшін бұл қасиеттерді бойға жинау қажет. Әсіресе ауылдық жерден келетін науқастарымызды, ауылдың айтқыш ағаларымыздан қалған әңгімелерімен арбап тұрғаныңда, емге келісіп кеткендерін білмей қалады.
"Сөзге шешен" демекші, еңбек жолымды бастағаныма 6 жыл болды. Жас болсам да, Астана, Петропавл қалаларына барып, қазақ тілінің мерейін үстем ететін сөз сайыстарына қатыстым. Солтүстіктегі сайысымда бір қызық болды. Орыс жігіті қасыма келіп, "біз сайысқа арнайы дайындалып келіп жүрсек, сен былайда қазақша сөйлейді екенсің" деп қарап тұр. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған аймақтың тумасы бола тұра, басқаша қалай сөйлеуім керек" дедім. Ол да басын шайқап, рахаттанып күліп алды.
Әні-міні дегенше көктемде келді. Наурыз айы алғыстан басталады. Сонау бір қиын қыстау кезеңдерде біздің үлкендеріміз осы өңірден пана тапқан шығар. Сол кісілер қазақ еліне жүрек жарды алғыстарын білдіріп отырады. Ал менің қатарластарым, "өз ортамызда, өзіміздің кіндік қанымыз тамған жерімізде жүрміз" деп білеміз.
Мурат Эйбов,
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының
Эндоскопист маманы
28 ақпан 2020 ж. 67 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области