Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дильфура Байрахтарова: Өмірдің мәні – бірлікте

Дильфура Байрахтарова: Өмірдің мәні – бірлікте

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан көпұлтты, тату-тәтті мемлекет. Оның ішінде ІІІ Интерноционал ауылы осыған нақты мысал болардай. Бұл ауылда 14 ұлттың өкілдері қоян-қолтық бірге өмір сүріп, бірге еңбек етіп келеді. Біздің ауылымыздың тұрғындары үшін халық арасындағы достық өмірдің үлкен мәніне айналған.

Игілікті болашақ жолында өзара бірлікте жұмыс жүргізіп жатқан отбасы мен мектептер аз емес. Соның бірі ретінде өзім еңбек етіп жүрген №108 орта мектебі туралы айтқым келеді.
Бұл мектеп өзінің мақсат қойғыштығы мен жүйелі жұмыс жүргізе білудегі асқан шеберлігін осы ұжымның өсіп-өркендеуіне пайдаланып, білім нәрімен сусындап жатқан әрбір баланың өмірін жақсы жағынан өзгерту жолында зор жауапкершілікті сезіне жұмыс жүргізеді. Басты мақсатымыз болашақ ұрпақтың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу және білімді де білікті маман болып қалыптасуына бағыт-бағдар көрсету. Бұл ретте білім мен қатар тәрбиенің атқаратын рөлі ерекше.
Ұстаздық ете жүріп болашақ ұрпақ тәрбиесіне де зор мән берудемін. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.
Қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ – ол біздің болашағымыз, жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз.
Санаулы күндерден соң көктем де келіп, «Алғыс айту» мерекесі тойланады. Сол мерекенің қарсаңында мен де өз атымнан қазақ халқына өз ризашылығымды білдіргім келеді. Біздерге қамқор болып, өзгелерден бөле жармай, бір ауылда тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Біздің еңбегімізді бағалап, өз кезегінде біз де аянбай тер төгудеміз. Осындай бірлікте, татулықта күн кешіп келеміз. Әлбетте, бұл бізді қуантады. Себебі, өмірдің мәні ауызбіршілікте, ынтымақта екені белгілі.

Дильфура Байрахтарова,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
облыстық түрік этномәдени бірлестігінің белсендісі
26 ақпан 2020 ж. 147 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области