Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шәкизат Қаратайұлы: Қайырымдылық жасасаң – қайырын көресің

Шәкизат Қаратайұлы: Қайырымдылық жасасаң – қайырын көресің

Kyzylorda-news.kz. Ерікті деген бұл - әрбір азаматтың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға аз да болса қосатын үлесі. Адамзат баласының бойындағы азаматтық позицияны, патриоттық сезімді оятатын бағыттардың бірі. Ерікті болу арқылы біз, жастар, өзімізді осы қоғамға бейімдей отырып, келешекте өз отанымызға, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай, оған өзіміздің үлкен үлесімізді қоса аламыз. Онымен қоса еріктілер өздерінің жан қалауымен жұмыс жасайтыны белгілі.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2020 жылды «Еріктілер жылы» ретінде жариялаған болатын. Кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласында «Еріктілер» жылы аясында мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты. Бұл – консультациялық, әдістемелік, білім беретін, ақпараттық орталық екенін жеткізді. Қазақстан бойынша еріктілердің жобаларын үйлестіретін офистің ашылуы баршамыз үшін маңызы зор деп білемін.
Өзімнің қызмет ететін М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 2017 жылдан бастап «Мейірім» еріктілер ұйымы өз жұмысын жасап келеді. Өткен жылдың 17 қазанында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаментімен бірлесіп оқу орнымыздағы аталмыш ұйымның ауқымдылығын кеңейтіп, «Мейірім акселераторы» жобалық офисі етіп қайта құрдық. Ұйым құрамындағы еріктілер осы кезеңге дейін түрлі форматтағы іс-шараларды атқаруда. Атап айтсақ: қарттар, сәбилер үйлері, «Атамекен» балалар ауылы, Облыстық балаларды оңалту орталықтарында қайырымдылық шараларын өткізуде. Еріктілік қызмет колледжде атаулы жыл бекітілместен бұрын қалыптасып, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, жүргізіліп келеді және еріктілер жылы аяқталғаннан кейін де бекітілген жоспары бойынша өз жалғасын табатынын жеткізгім келеді
Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған. Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет.

Шәкизат ҚАРАТАЙҰЛЫ,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің
жастар ісі жөніндегі инспекторы
14 ақпан 2020 ж. 130 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области