Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ержан Уәйіс: Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің жаны қазақ халқымен бір болуы қажет

Ержан Уәйіс: Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің жаны қазақ халқымен бір болуы қажет

Kyzylorda-news.kz. Өткен аптада Жамбыл облысы Қордай ауданының Масанчи ауылында қазақтар мен дұнған ұлтының арасында жанжал туындады.
Соның салдарынан адам өлімі орын алды, үйлер қирады, автокөліктер өртенді. Мұның барлығы тәртіпсіздікке ұласты. Қазақ халқы 300 жыл бойы тәуелсіздікті аңсап, кең байтақ жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен сыртқы жаулардан қорғап, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Енді ата-баба қалдырған жерді өзімізден кейінгі ұрпаққа тапсыру біздің борышымыз.
Қазіргі таңда оқиға орын алған жерде құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс жасап жатыр. Дегенмен оның барлығы кеш. Бір күнде он адамның қазасы дегеніміз өте ауыр екені белгілі. Сондықтан қай кезде де сақтық шаралары қолға алынып, тәртіпті сақтау қажет.
Жалпы, қазақ қай кезеңде де өзге ұлт өкілдерін құшағын жая қарсы алып, соғыс уақытында бір үзім нанын бөле жеген халық. Қазақ ұлтының өзгелерге алауыздық танытуы мүмкін емес.
Тағы айта кетерлігі, Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған болатын. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлттың өкілі қоныстанған. Бұл ұлт өкілдері қазақ елінің азаматы. Біз сол азаматтарды, жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеуіміз қажет. Бұл жастар өзге ұлт өкілі болса да, Қазақстанда өмір сүріп жатқандықтан әркез қазақ ұлтымен жаны бір болуы қажет. Мен де өз тарапымнан халықты ауызбіршілікке, тұтастыққа шақырамын.

Ержан Уәйіс,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
13 ақпан 2020 ж. 85 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области