Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сәулет Сахиев: Тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылуы тиіс

Сәулет Сахиев: Тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылуы тиіс

Kyzylorda-news.kz. Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі болған Қазақстан, Әлемдік аренада өзін бейбітсүйгіш ел ретінде таныта білді.Бейбітшілік пен келісімді айқындайтын Қазақстандық модель, БҰҰ мен ЕҚЫҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың қолдауына ие. Осындай жағдайда Қазақстанда ұлтаралық қақтығыс болады деген пікір ойға сыймайды. Тарихқа жүгінетін болсақ, тәуелсіздік алған тұстан бастап елімізде бірнеше қылмыстық, бұзақылық іс-әрекеттерді ұлтаралық шиеленіс ретінде түсінгендер болды. Бірақ, әлемдегі теңдесі жоқ қоғамдық институт болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі ұлтаралық бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі бола білді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда тек қана ұлтаралық және конфессияаралық мәселелерге ғана емес, сонымен бірге елдің жан-жақты саясатына араласып, өзінің өміршеңдігін көрсетті. Осы ретте, Жамбыл облысы Қордай ауылындағы болған жағдай бұзақылық, қылмыс жасағандардың әрекеті деп білемін. Бұл жағдайдан бірденен екі жақтың жанжалдағы орнын анықтау, бұл қате талдау. Қылмыстық іс-әрекетті жасаған адамдарды және осы жағдайдың ақпаратын бұрмалаған, іріткі салушыларды айыптап, жазалау керек. Ұлтаралық қақтығыс аяқ асты шықпайды, қанша жылдан бері бірге тұрып келе жатқан ұлттар, бір сәтте бір-біріне қарсы шығып, бір-бірін қырмайды. «Сабыр түбі - сары алтын» демекші, сабырмен, ақылмен шешілген бұл мәселе, еліміздің тұрақтылық пен бейбітсүйгіштігін тағыда дәлелдейді.
Сәулет САХИЕВ,
Саяси ғылымдарының кандидаты
13 ақпан 2020 ж. 100 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области