Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аманкүл Нұржанова: Мәдениет қызметкерлерінің мәртебесі артатыны қуантты

Аманкүл Нұржанова: Мәдениет қызметкерлерінің мәртебесі артатыны қуантты


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған жолдауы мәдениет қызметкерлерін қуантты. Жолдауда 2020 жылы мәдениет саласы, яғни музей, кітапхана, театр қызметкерлерінің жалақасын өсіру мәселесі көтерілді. Бұл жаңалық мені, яғни музей саласының ардагерін бір серпілтіп тастағаны анық.
1984 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс өтілімді музей саласынан бастаған болатынмын. Қазіргі таңда жұмыс өтілім 35 жылды құрайды. Осы уақыт аралығында мәдениет саласына үкімет тарапынан қолдау жасалмады деп айта алмаймын. Дегенмен, мемлекет басшысының кешегі жолдауында мәдениет саласын, оның ішінде музей мекемесін айрықша атап өткеніне қуаныштымын.
Өздеріңізге белгілі, музей – өткенімізді сақтап, зерттеп-зерделеп, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыратын бірден-бір рухани орда. Қиын да болса, абзал да абыройлы міндетті атқарып жүрген музей қызметкерлеріне көңіл бөліп, жалақысын көтеруді тапсырған мемлекет басшысына музей қызметкерлерінің атынан алғысымды білдіремін.
Өткен мен бүгіннің арасына көпір болған мәдени-ғылыми мекеме – музейдің ғылыми қызметкерлері алдында үлкен жауапкершілік, артында атқарылған толағай жұмыс тұрғаны анық. Әр жәдігерді жіті зерттеп, жинап-сақтап, келешек ұрпаққа аманаттап, насихаттап отырған музейдің жұмысы бірде ескерілсе, бірде еленбей қалып жататыны жасырын емес.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2 қыркүйектегі жолдауы музейге келіп жатқан жас маманның тұрақты жұмыс жасауына көмегін тигізбесе, кері әсерін бермейтіні анық. Жалақысы күнкөрісінен артыла бермейтін мәдениет саласы қызметкерлеріне бұл жолдау үлкен серпін, шығармашылық шабыт бергені анық.

Аманкүл НҰРЖАНОВА,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы
03 қыркүйек 2019 ж. 39 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области