Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Болатбек Абуов: Этносаралық татулық пен дінаралық түсіністік – азаматтық қоғамның басты бағдаршамы

Болатбек Абуов: Этносаралық татулық пен дінаралық түсіністік – азаматтық қоғамның басты бағдаршамы


Аллаға шүкір, бүгінде тәуелсіздігіміз - тұғырлы, еліміз – еңселі. Осы күнге жету жолында халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен сынақтары аз болмады. Ел басына неңдей күн туса да рухани тәрбиеге бай ұлттық болмысымыз бен елбасы саясатының арқасында жасампаздық пен жарасымдылықтың үлгісіне айналып, дамыған мемлекеттер қатарына қосылудамыз.
Кез келген мемлекетке бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, болашақтың белесін бағындыру жолында жүйелі жоспар мен берік стратегия қажет. Алайда, «алтау ала болса, ауыздағы кетеді» демекші, бірлік болмаған елде береке де болмас. Ел ішіндегі араздықтар мен бүлікшілік кесірінен қаншама мемлекеттердің халқы зиянға ұшырап, іргетасы құлап жатқанына тарих куә.
Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткенге көз жүгіртіп, келешекке нық сеніммен қадам басу үшін Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет» деп, бірліктің алар орны жоғары екенін атап өтті.
Демек, көптеген ұлттар мен ұлыстарды, бірнеше дін өкілдерін алақанына салып отырған Қазақстан бұдан әрі де гүлденуі үшін, ең бірінші, тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Себебі ынтымағы жарасқан елдің ырысы азаймайды.
Дін – қашанда халықты имандылыққа, патриоттыққа баулып, ел бірлігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Өркениет өзегі болған асыл дініміз ислам – адамзатты көркем мінез-құлыққа тәрбиелеуші дана дін. Этносаралық татулық пен дінаралық толеранттылықты қалыптастыру жолында имандылық ордаларымен қатар, қоғамның барлық тәрбиелеуші институттары мен билік орындары да бірлесе отырып, ілгері қадам басуы керек. Міне, сонда ғана болашағымыз жарқын, іргеміз берік, жұртымыз тыныш болып, мемлекетіміздің мәртебесі асқақтай берері сөзсіз!

Болатбек АБУОВ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі,
«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы
03 қыркүйек 2019 ж. 50 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области