Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрсұлтан Қаражанов: Еңбек нарығына сапалы маман даярлайтын отандық жүйе қалыптастыруымыз қажет

Нұрсұлтан Қаражанов: Еңбек нарығына сапалы маман даярлайтын отандық жүйе қалыптастыруымыз қажет



– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауымен жете танысып шықтым. Мемлекет басшысының аталған жолдауында халықтың көкейінде жүрген көптеген қордаланған мәселелердің сөз болғаны қуантады. Соның ішінде әлеуметтанушы ретінде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі жайлы пікіріне ерекше тоқталсам деймін.
Расымен, біздің мемлекетте мамандар даярлаудың отандық жүйесі қалыптаспаған. Еңбек нарығын біздегі жоғары оқу орындары білікті де сапалы мамандармен қамтамасыз ете алмай отыр. Ал университеттер – экономикамыздың діңгегі. Түсініксіз, біліксіз мыңдаған маманды конвейермен шығара беру экономикаға тек зиянын тигізеді. Себебі, оларға үкімет жұмыс тауып беруі керек. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің 60%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек, еліміз бойынша мыңдаған жұмыс орындары орын бос тұр. Осы бос орындарға оқу бітіріп шыққан мамандарды жіберсе, олар талапқа сай емес. Содан не керек, олар қолға ілінген, табылған жұмысқа барады. Табылған жұмысты оқымаған. Нөлден үйреніп бастайды. Сөйтіп қызметіне, жалақысына, айналасына көңілі толмайтын азаматтардың саны күн сайын арта береді.
Бүгінде Қазақстанда жалақысы өте жоғары жүздеген жұмыс орындарының бос тұрғандығы жасырын емес. Бірақ, мамандарға қойылатын талаптары өте жоғары. Біздің жас мамандар сол талаптарға сай болуға ұмтылуы керек.
Еліміздің жоғары оқу орындары 1000 студентті оқытса да, тек сапалы маман даярлайтын жүйені көп кешіктірмей құруды қолға алуымыз керек деп ойлаймын.

Нұрсұлтан ҚАРАЖАНОВ,
әлеуметтанушы, әлеуметтік ғылымдардың магистрі
02 қыркүйек 2019 ж. 45 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области