Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ: Жолдау кәсіпкерлерге жасалатын жеңілдігімен құнды

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ: Жолдау кәсіпкерлерге жасалатын жеңілдігімен құнды

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды.

Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», - деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады. Бұл мәселе айтылған сәттен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске ары қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық палата өз кезегінде кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға да шақырды. Міне, бүгін нәтижені көріп отырмыз, Қасым-Жомарт Кемелұлы 5 пайыздық міндетті зейнетақылық жарнаның енгізілу мерзімін шегеруді тапсырды.
Жолдаудағы бизнес өкілдері үшін келесі үлкен қолдау – Президенттің микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке заңды негіз құруды тапсыруы. Соңғы кезде, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Ділмұхамед Әбізов көрші Өзбекстан еліндегі шағын және орта бизнеске жасалып жатқан жағдайларды айтып, соның нәтижесінде елімізде жеңіл өнеркәсіпті ақсатып алу қауіпі болып тұрғандығын әр түрлі алаңдарды көтеріп жүрген болатын. Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауда Үкіметке берген тапсырмасын, сөздің шыны, кәсіпкерлер «алақайлап» қарсы алуда. Нәтижесімен жаңа жұмыс орындары ашылып, өз елімізде өндірілетін өнімдер сапының артары сөзсіз.
Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд.теңге, мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты талап ету, 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын.
Мемлекет басшысы бұл қадамдар арқылы елімізде кәсіпкерлікті қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін көрсетті. Жолдау кәсіпкерлер үшін осынысымен құнды.
Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.
02 қыркүйек 2019 ж. 44 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области