Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Абайдың әмеңгерлік жолмен інісінің әйеліне үйленгені қаншалықты рас?

Абайдың әмеңгерлік жолмен інісінің әйеліне үйленгені қаншалықты рас?

Kyzylorda-news.kz. Биыл, 2019 жылы ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар басталады. Дана ойшылдың мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланып отыр. Абай Құнанбайұлының өмір мен шығармашылығы, сондай-ақ, оған қатысты қызық деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер
•Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере «Абай» деп еркелеткеннен кейін «Абай» атанып кеткен;
•А. Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – «Көзімнің қарасы»;
•Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
•Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
•Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
•Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
•Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
•Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
•Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
•Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;
•Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.
15 тамыз 2019 ж. 942 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области