Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңбұзушылықтарға жол жоқ

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңбұзушылықтарға жол жоқ

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті белгіленген құзыреттілік шегінде бірқатар салаларда реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады. Солардың бірі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау.

Департамент биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардың сақталуы бойынша 37 тексеру жұмыстарын жүргізді. Олардың 23-і жоспардан тыс, 14-і профилактикалық бақылау шарасы.
Тексерулер нәтижесімен 32194 заңбұзушылық анықталды. Заңбұшылықтардың басым бөлігі көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы көзделген құжаттарды талап ету ету болып отыр. Мұндай деректер 21187 рет орын алған. Сондай-ақ, 3690 рет қызмет көрсету тәртібі бұзылса, стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету 7036 мәрте, толық емес құжаттар бола тұра қызмет көрсету 246 мәрте болған. Қызмет көрсету мерзімдері 22 рет сақталмаған, 7 рет қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылып, өзге де заң бұзушылықтар 6 рет кездескен.
Барлық анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 50 ұсыным енгізіліп, қазіргі таңда оның барлығы орындалды.
Заңбұзушылықтарға жол берген 20 қызметкерге «ескерту», 5 қызметкерге «сөгіс» берілсе, 4 қызметшіге «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, биылғы жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымданған 9 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Мәселен, Қазалы ауданының тұрғыны өзінің тегін және әкесінің атын өзгерту туралы ұсынған құжаттарын Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі орындаусыз кері қайтарған туралы шағым білдірген. Аталған бөлімге департамент жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргііп, қызмет беруші тарапынан мемлекеттік қызметтерден негізсіз бас тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысымен тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, құқықтары қалпына келтірілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында кемшіліктерге жол берген жауапты маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әрбір көрсетілген қызметтің сапалы әрі жылдам болуы маңызды. Кез-келген қызмет беруші ұйымға мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс.

Роллан ЕСПЕНБЕТОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
09 тамыз 2019 ж. 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области