Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қ.Тоқаевтың биік белестерді бағындыруға мүмкіндігі мол

Қ.Тоқаевтың биік белестерді бағындыруға мүмкіндігі мол

Қазақстанда үлкен саяси шара – Президент сайлауы болып өтті. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдегеніндей, алдын-ала мәлімет бойынша саяси науқан нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев 70,7 процент дауыс жинады. Сөйтіп сайлауда халық өз таңдауын жасады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлғаның бірі. Ол жас мемлекеттегі дипломатия саласын көтеруге күш салды. Сайлаудың алдында мен ол кісінің «Россия» телеарнасына берген сұхбатын көріп, оның мемлекет саясатында орнықты тұлға ретінде іс-әрекет жасайтынына сенім артқан болатынмын. Ол талапшыл, жылдам шешім қабылдайтын, сонымен бірге сөзбұйдаға жоқ адам. Теледидарда, әсіресе, оның «Мен мемлекеттік маңызы бар жиынның өзін өткізуге 20 минут ғана уақыт жұмсаймын» дегені ұнады.
Қ.Тоқаевтың Қазақстанның жаңа белестерін бағындыруға мүмкіндігі мол екеніне сенімдімін.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
10 маусым 2019 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области