Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды

Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өтетін мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін ресми тіркелген алғашқы кандидат болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина отырыста Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына 23 сәуірде түскенін хабарлады, сол күні ол мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растаған.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға 315 мың қол жиналды. Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі талаптарға сай келеді", - деп мәлімдеді Мұстафина.
Отырыс қатысушылары Тоқаевты тіркеу туралы отырыс хаттамасын қолдады.
Кандидат Тоқаевтың куәлігін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.
03 мамыр 2019 ж. 150 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области