Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ


    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.  Жарлықтың толық нұсқасы мынадай:
    Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы
       Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
    1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
    2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын; қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.  
    3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
    4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
    Қазақстан Республикасының            
    Президенті                                                         Н.Назарбаев
 
    Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан

27 қазан 2017 ж. 793 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области