Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ БАРЛЫҒЫНА ҮЛГІ БОЛУЫ КЕРЕК

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ БАРЛЫҒЫНА ҮЛГІ БОЛУЫ КЕРЕК


    Қазақстан Президенті "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованы қабылдады.
    Кездесу барысында Назарбаев Зияткерлік мектептері қызметінің негізгі нәтижелері мен олардың даму перспективалары талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
    Мемлекет басшысы еліміздің орта білім беру жүйесінде Назарбаев Зияткерлік мектептері ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
    "Бұл мектептер барлығына үлгі болуы керек. Біз олардың тәжірибесін жаңа мектептер ашатын кезде ескеретін боламыз. 2008 жылдан бері Зияткерлік мектептерді 5660 оқушы бітірді. Олардың барлығы да үш тілді еркін меңгерген. Біз бүкіл елге Қазақстанда үш тілде білім алу қолдан келетін іс екенін көрсеттік", – деді Елбасы.
    Күләш Шәмшидинова Нұрсұлтан Назарбаевқа Зияткерлік мектептердің оқытушы құрамын қалыптастыру мақсатымен жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімдеді.
    "Осы жылдар ішінде Сіздің қолдауыңыздың арқасында көптеген жұмыс атқарылды. Бізде 2800 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 195-і – шетелдік оқытушылар, 183-і – "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдің жетекші оқу орындарында және Назарбаев Университетінде білім алған түлектер. Бүгінде бізде 4 доктор, 22 ғылым кандидаты және 719 магистр сабақ береді", – деді Күләш Шәмшидинова.
    Сонымен қатар, білім беру мекемесінің басшысы оқушылар контингентін қалыптастыру конкурстық негізде жүзеге асырылатынын және тек үміткерлердің қабілеттеріне байланысты анықталатынын айтты.
    Кездесу соңында Елбасы Зияткерлік мектептер жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

01 наурыз 2018 ж. 485 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области