Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МЕН САУД АРАБИЯСЫНЫҢ КОРОЛІ ӘЛЕМДІК МҰНАЙ НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ ЖӨНІНДЕ ПІКІР АЛМАСТЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МЕН САУД АРАБИЯСЫНЫҢ КОРОЛІ ӘЛЕМДІК МҰНАЙ НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ ЖӨНІНДЕ ПІКІР АЛМАСТЫ


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасып, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазан айындағы Сауд Арабиясына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Сауд Арабиясының Королі екіжақты қарым-қатынастың дамуына ерекше мән беретінін айтып, саудиялық компанияларға Қазақстандағы мұнай және газ өңдеуге арналған жобаларды жүзеге асыруға атсалысу жөнінде тапсырма беруге ниетті екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қазақстан Президентін Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің табысты өтуімен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.

16 қаңтар 2018 ж. 454 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области