Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев 12 жылдық білім беру жүйесіне асықпай көшу керектігін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 12 жылдық білім беру жүйесіне асықпай көшу керектігін айтты

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдап, ведомствоның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы ақпаратпен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев білім бағдарламалары мен оқыту деңгейі заман талабына сай келмейтін жоғары оқу орындарының лицензияларын өздігінен қайтарып алу мәселесінде министрлікті қолдады және аталған мәселе бойынша заңнамалық деңгейде тиісті нормативтік-құқықтық база әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар Президент министрлікке 12 жылдық оқу мерзіміне қажетті инфрақұрылымды, бағдарламалар мен жалпы білім жүйесін дайындауға басымдық бере отырып, жүйелі түрде, асықпай көшу керектігі жөнінде тапсырма берді.
Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.
Президент квазимемлекеттік сектор жұмысының тиімділігі жайындағы талдау нәтижелерімен танысты. Наталья Годунова бірқатар өңірдегі, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласына, сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік органдарға жүргізілген аудит барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
12 қараша 2019 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области