Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІНІҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІНІҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ


    Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті.
    Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында орныққан мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше екенін атап өтті.
    – Биыл біз тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезең ішінде Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар орнату үшін барлық шараларды атқарып келеміз. Елордамыз Астананы салуға қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіреміз, – деді Қазақстан Президенті.
    Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық қорғау органдары арасында байланыстар орнатудың маңызды екенін атап өтті.
    Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың сәлемін жеткізіп, елдерінің екіжақты табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ниетті екенін айтты.

19 қазан 2017 ж. 558 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области