Сыр мәдениеті үшін табысты жыл болды

Сонымен қатар, жыршы, Сыр сүлейлерінің ізбасары Күнсұлу Түрікпеннің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленуі де дәстүрлі өнерді дәріптеу мақсатында Сыр мәдениетіне үлкен серпін берер игі жұмыстардың бірі болды.
Жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында мәдениет саласы бойынша 22 жоба жүзеге асырылып, бүгінде оның 20-сы аяқталды.
2020 жылдың наурыз айынан бастап 11 респбуликалық, 3 аймақтық, 60 облыстық байқау конкурстар онлайн форматта өткізілді.
Сондай-ақ, облыс мәдениет үйлері мен клубтардағы үйірме өнерпаздары шет елдерде өткен 13 халықаралық байқауға барлығы 80 өнерпаз қатысып, 45 өнерпаз жүлделі орынға ие болды.
Республика көлемінде өткізілген 26 халықаралық байқауға 50 өнерпаз қатысып, 43-і жүлделі орынды иеленді. 39 республикалық байқауға 90 өнерпаз қатысып, 57-і жеңімпаз атанып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Жыл көлемінде облыс кітапханаларының кітап қоры 4 490 487 дананы құрап, 36 905 дана жаңа кітаппен толықты. Оның ішінде 29038 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер.
Есепті мерзімде облыс музейлерінде 5 625 экскурсия, 755 лекция, 548 көрме ұйымдастырылып, оған 155089 келуші қамтылды.
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында есепті мерзімде 170 спектакль қойылса, оның ішінде 115 спектакль онлайн форматта, облыстық филармонияда өткізілген 160 концерттің 140-ы онлайн форматта өткізілді.
Театр репертуары биылғы жылы Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы», Рахымжан Отарбаевтың «Нашақорлар жайлы новелла», Хұсейін Жүсіпұлының «Ешкімге керегі жоқ ауыл», Жан Мольердің «Ақымақ болған басым-ай» спектаклімен толықты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, қорғау, пайдалану мақсатында ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Сортөбе, Жанкент, Сығанақ, Қышқала, Асанас қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылғы үлкен жетістіктердің бірі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына» республикалық фестиваліне өңірімізден 14 мәдениет ұйымдары қатысып, 5 номинация бойынша үздік деп танылды.