Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» Гүлшара Әбдіқалықова Бақытжан Сайлыбаевты қабылдады

Гүлшара Әбдіқалықова Бақытжан Сайлыбаевты қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Аймақ басшысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Сайлыбаевты қабылдады.
Қабылдауда Бақытжан Әбдіқалықұлы қоғамдық кеңестің қызметі мен жоспарлары туралы баяндады.
«Өзіңіз білетіндей қоғамдық кеңес – әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелер бойынша пікір білдіретін дербес, байқаушы орган. Біздің кеңес бұқараны алаңдатқан өзекті жайттарды билікке жеткізіп келеді. 17 наурызда жылдық жұмыс жоспарды бекіттік. Қоғамдық кеңес әрқашан бірлесіп жұмыс істеуге дайын», - деді Бақытжан Сайлыбаев.
Облыс әкімі қоғамдық кеңестің ел өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, кез келген түйткіл түйінін тарқатуға атсалысу қажеттігін еске салды. Әсіресе, қазіргідей қиын жағдайда тұрғындарды бірлікке, ынтымаққа, күш біріктіруге шақырудың маңыздылығына тоқталды.
«Бәріне белгілі қазіргі уақытта үлкен сынақтан өтіп жатырмыз. Әлемді жаулаған коронавирус бізді де айналып өтпеді. Бүгінгі ең өткір мәселе – осы індет. Сын сағатта қоғамдық кеңес мүшелерінің тұрғындарды бірлікке шақыруы маңызды. Вируспен бірге күресіп, азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтауды түсіндіруіміз қажет», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Айта кетейік, облыстық қоғамдық кеңеске 25 адам мүше. Құрамына мелекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер және қоғам белсенділері кіреді.
---
31 наурыз 2020 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области